• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қаңтар, 2021

Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды

304 рет
көрсетілді

Көпір көрсе секіріп кеткісі келіп тұратындары несі осы?! Жуықта Семейдегі көпірден Ертіске секірмек болған азаматты сот қызметкері Аслан Қасенұлы құтқарып қалған.      

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Аслан Қасенұлы жеке басының қиын жағдайларына байланысты өзіне қол салмақ болған жігіттің өмірін құтқарып қалды.

Аслан Махатов кешке қарай өтіп бара жатып, көпір қоршауының арғы жағында тұрған жігіттің сұлбасын көрген. Ол еш ойланбастан көмекке жүгіріп, сөзге тартып, жігіттің назарын әңгімеге аударған. Содан кейін шалт қимылдап, жігітті қоршаудың бергі жағына тартып алған.

Сол сәтте оқиға орнына куәгерлер арнайы қызметкерлерді де шақырып үлгірген еді.

Семей