• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қаңтар, 2021

Биатлоншылардың бағы жанбады

122 рет
көрсетілді

Италияның Антхольц-Антерсельве қаласында өтіп жатқан биатлоншылардың жекелеген сайысы ресейлік Александр Логиновтың жеңісімен аяқталды.

Ресей спортшысының көрсеткіші – 45.41,8. Бұл жарыста Логинов барлық оғын нысанаға дәл тигізді. Екінші орынды норвегиялық ШтурлаЛегрейд иеленді. Ол топ жарған саңлақтан 58,5 секунд қалып қойды. Скандинавия сайыпқыранның екі оғы далаға кетті. Үшінші сатыға франциялық Кантен Фийон Майе жайғасты.

Өкіншіке қарай, қазақстандық өрендердің барлығы да тым нашар өнер көрсетті. Жерлестеріміздің арасында ең үздік нәтиже Александр Мухинге тиесілі. Ол 88-орынды қанағат тұтты. Ал Данил Белецкий 92 сатыға тұрақтады.