Мегаполисте құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қолданыстағы шаралардың қажеттілігін түсіндіру мақсатында 22-24 қаңтар аралығында аудандарды аралап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында 370 нысанның 58-і тәртіп бұзғаны анықталды:
1. "Кишлак" дәмханасы Сейфуллин д, 540а
2. "Мята Breakfast&Bar" лаундж бары Абай к, 26г.
3. Лаундж бар (Мята) Назарбаев д, 176
4. Бар (Танцы), Гоголь 73
5. Бар (Бача) Жібек жолы к, 66/1
6. Дубай мейрамханасы Құлагер ш/а(лаундж бар )
7. “Game club” (PlayStation, үстел теннисі) Палладин көшесінің бойында
8. Бильярд клубы Айнабұлақ 3 ш/а, 172-үй
9. “Sky sport” компьютер клубы
10. "Небо" бары Достық д, 192/2.
11. "Бармаглот" бары, Әл-Фараби д, 116/21
12. "Шишка Edition" кальяны, Қажымұқан к, 49.
13. Лея дәмханасы Сайын к,18-үй
14. Offise компьютер клубы Аксай - 3б ш/а, 18/5-үй
15. № 36. Royal Petrol ЖЖҚС.
16. № 61 Royal Petrol ЖЖҚС
17. № 21 Helios ЖЖҚС 18. «Центр ковров» дүкені
19. № 114 Petrol Azia ЖЖҚС
20. «Шамо» бильярд клубы
21. "Мята Platinum" лаунж бары Абай к, 26 Г
22. "Кишлак" мейрамханасы Сейфулин к, 540 А
23. "Calliayano" лаунж бары, Сәтпаев к, 56
24. "Таверна Шмель" бар паб, Жандарбеков к, 152
25. "DOA" компьютер клубы Қожабеков к, 17/2
26. "Slam Bro" бургері Розыбакиев к, 136/1
27. Клуб (Малина) Скрябин к, 8в
28. Loto club, Солтүстік айналма к, 9а
29. «Айлин» мейрамханасы Құлжа тракті 70/2 той өткізілген
30. «Пугасов» мейрамханасы Абдуллиндар көшесі, 70.
31. «Чачапури» дәмханасы, Қастеев к, 15
32. «К-Таун» мекемесі Әйтеке би к,53
33. «Взлетка» бары Уәлиханов к,27
34. «Нигилист» бары Уәлиханов к, 27
35. «Мята» лаундж бары, Назарбаев д, 176
36. "Арабис" кафе-бары, мекеме 23:00-ден кейін жұмыс істеген
37. "The One" компьютерлік клубы
38. Атауы жоқ компьютерлік клуб,
39. "Sky sport" компьютерлік клубы,
40. Алмалы дәмханасы, Ақсай - 1а
41. «Арша» дәмханасы, Брусиловский к, 164
42. "Тюбетейка" мейрамханасы Сәтпаев к, 32/1
43. "Форт Горный" мейрамханасы Хан-Тенгри 197
44. "Соседи" бары, Бұхар Жырау 26/1
45. «Как надо» бары, Гоголь к, 223
46. «Бухаус» дәмханасы, Төле Би к,142
47. «Лото клуб»,Төле Би к,142.
48. «Bunny» ерте дамыту орталығы, Алмалы ауданы;
49. «Умка» балалар орталығы, Алмалы ауданы;
50. «Dent Art» стоматологиясы, Алмалы ауданы;
51. «Бастау» шағын маркеті, Алмалы ауданы;
52. «A and N» сұлулық салоны, Алмалы ауданы;
53. «Elitalco.kz» элиталы сусындар дүкені, Алмалы ауданы;
54. «Барыс-IV» базары, Алмалы ауданы;
55. "Rich" караокесі, Алмалы ауданы;
56. " Pion" дәмханасы, Алмаы ауданы;
57. "До Ре Ми" караокесі, Алмалы ауданы;
58. "Time" бары, Алмалы ауданы.
Барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін берілді. Шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды жауапқа тарту және сотқа беріп, іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, тәртіп бұзушыларға жауапкершілік ретінде ұйымның қызметін тоқтатуға дейін қарастырылған.
Алматы әкімдігі Маска режимін және әлеуметтік қашықтықты, жеке гигиена шараларын қатаң сақтауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері пандемия кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауы қажет — бұл жұмыс режимі, қызметкерлер мен келушілердің термометриясы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды, жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар) ауысуын, санитайзерлердің және дезинфекциялау құралдары қорының болуын, үй-жайлардың желдетілуін қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға әкеп соғады. Бүгінгі күні Алматы қаласының соты 18 кәсіпкерлік субъектісінің қызметін 1,3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров індеттің өршуі жағдайында мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді, оның ішінде карантиндік шараларды сақтауға тексерілетін нысандардың тізімін ұлғайтуды тапсырған болатын. Басты міндет — Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу.
"Эпидемиялық жағдай ушығып келеді. 2020 жылғы желтоқсан айының басынан бастап, алдыңғы онкүндікпен кейінгі онкүндіктікті салыстырғанда, COVID-19 ауруының орташа есеппен 1,2 есе өсуі тіркелді. 1-10 қаңтар аралығында -1,3 есе өсті, 11-21 қаңтарда – 1,1 есе өсті. Инфекцияны жұқтыру қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, ойын-сауық орындарында болады. Мейрамханалар мен басқа да қоғамдық орындардың жұмыс режимін ерекше бақылауға алу қажет", - деді Е.Бабақұмаров.