• RUB:
    4.94
  • USD:
    442.85
  • EUR:
    480.32
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қаңтар, 2021

Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды

337 рет
көрсетілді

Қазақстанның танымал шаңғышысы Николай Чеботько 24 қаңтарға қараған түні Ақмола облысының Бурабай кентінің маңында жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Николай Сергейұлы 1982 жылдың 29 қазанында Ақмола облысының Щучинск қаласында дүниеге келді. Сол жерде шаңғы спортының қыр-сырына қанығып, уақыт оза елеулі табыстарға қол жеткізді. Атап айтсақ, 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатының қола медальін мойнына ілді. Төрт бірдей Азия ойындарына қатысып, 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медальді олжалады. 2002 жылы Солт-Лейк-Сити, 2006 жылы Турин және 2010 жылы Ванкувер Олимпиадаларында бақ сынады. Сонымен қатар, ол басқа да көптеген халықаралық жарыстарда да жеңіс тұғырына көтерілді. Николай Чеботько небары 38 жаста еді...