• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Хоккей 25 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден жарыс өтеді

179 рет
көрсетілді

10-13 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда «Qazaqstan Hockey Open-2021» деп аталатын халықаралық турнир өтеді. Бұл жарысқа жерлестерімізден бөлек, Ресей мен Беларусь құрамалары қатысады.

Жоғарыда аталған командалардың екеуі де азулы. Мәселен, Ресей құрамасы 2018 жылы Пхенчханда алауы тұтанған Олимпия ойындарында жеңімпаз атанса, 1998 жылы Наганода күміс және 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде қола медальді иеленді. Әлем чемпионаттарында олар 5 алтын, 3 күміс және 5 қоланы еншіледі. Сондай-ақ, кезінде даңқы дүркірген КСРО құрамасының негізін дәл осы ресейліктер құрағанын да естен шығармаған жөн. Беларусь хоккейшілері 2002 жылғы Олимпиадада төртінші орынға табан тіресе, 2006 жылғы әлемдік додада алтыншы сатыға жайғасты. Олар басқа да турнирлерде тәуір нәтиже көрсетуде. 

Әрине, Қазақстан құрамасы ондай көрсеткіштерімен мақтана алмайды. Сол себепті де Нұр-Сұлтандағы турнир ағымдағы жылдың 21 мамыры мен 6 маусым аралығында Латвияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында біздің жігіттер үшін үлкен тәжірибе мектебі болатыны даусыз.