• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Қаңтар, 2021

Триестадағы турнирде алтыншы орында қалып қойдық

107 рет
көрсетілді

Италияның Триеста қаласында су добынан биыл Жапонияның бас шаһары – Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының іріктеу турнирі аяқталды.

Өкінішке қарай, Қазақстанның әйелдер құрамасы бұл жарыста көздеген мақсатына қол жеткізе алмады. Топтық турнирде Грекия (5:13) мен Мажарстаннан (6:23) ұтылған жерлестеріміз Израильмен (7:7) тең түсті. Екінші кезеңде Нидерландтан (6:19) жеңіліп, Словакиядан (11:10) басым түсті. Турнирдің соңғы күні француздарға 10:13 есебімен есе жібердік. Нәтижесі – алтыншы орын.

Триестадағы турнирдің қорытындысы бойынша алғашқы екі орынды иеленген команда Олимпия ойындарының жолдамасына иелік етті. Олар – Мажарстан мен Нидерланд. Ал оған дейін АҚШ, Канада, Жапония, Қытай, Аустралия, ОАР, Испания және Ресей құрамалары дәл сондай құрметке бөленген еді.