• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қаңтар, 2021

Зейнетақы жинағын алуда сіздің өтініміңіз жойылса не істеу керек?

423 рет
көрсетілді

Зейнетақы жинағының бірыңғай enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздің өтініміңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz

1.Егер қажет сома "0" деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;

2.Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілген жағдайда;

мысалы, "1.000.000" немесе "1000000,00" түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектеуді сұрайды. Яғни соманы қосымша белгілерсіз "1000000" немесе "1234567" түрінде көрсету керек; ⠀ 3. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек. ⠀ Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. ⠀ Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады. ⠀ Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болатынын естеріңізге саламыз.