• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қаңтар, 2021

Өз туыстарын тонаушылар көбейген

232 рет
көрсетілді

СҚО ПД қызметкерлері шотынан 449 мың теңгесін ұрлаған жәбірленушінің 20 жасар өгей баласын ұстады. Күдікті бұрын ұсақ ұрлық үшін жауапқа тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келесі күні ПД екінші полиция бөліміне облыс орталығының тағы бір тұрғыны жүгінген. Ол өз шотынан 790 мың теңгенің жоғалғанын жеткізген. Анықтай келгенде бұл ақшаны телефондағы интернет-банкингіне қол жеткізу арқылы жәбірленушінің қаладағы колледждердің бірінде оқитын 19 жасар қызы ұрлағаны белгілі болды. Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

- Соңғы кезде жәбірленушілердің жақындарымен жасалатын интернет-ұрлық жағдайлары жиіледі. Көбіне заманауи техниканың тілін білмейтін егде тартқан адамдар құрбан болып жатады. Осындай қылмыстар Wi-Fi функциясы бар, парольмен қорғалмаған телефондардан немесе банк карталарын жоғалтқан кезде, не ұрланған кезде жасалады. Адамдарды телефондарына өзінен басқа ешкім білмейтін пароль қойып, сақ болуға шақырамыз, деді Екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов.

ПЕТРОПАВЛ