Қылмыскер өзінен интернет арқылы «Hyundai Sonata» автокөлігін сатып алмақ болған адамға басқа сатып алушының пайда болғанын алға тартып, психологиялық қысым жасау арқылы, егер әйелімнің еміне қажетті 500 мың теңгені шұғыл аудармасаң машинаны басқа адам алады деп алдаған.
Жақсы машинадан айрылғысы келмеген 40 жастағы азамат оның айтқанына көніп, 500 мың теңгесін аударып жіберген.
Ақшаны қолға түсірген алаяқ осыдан кейін байланысқа шықпай қояды. Аталған факті Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Жалпы, 2020 жылы СҚО-да 495 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 171-і алдын ала төлемді талап етумен байланысты.
Солтүстік Қазақстан облысы