• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Желтоқсан, 2013

Азаттығым

673 рет
көрсетілді

Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қала­дық. Мәңгілік Елдің жүрегіне ай­налған мәңгілік Астанамызды тұр­ғыз­дық. Мәңгілік мызғымас экономика қалыптастырып, Мәңгілік өш­пес жылнама жаздық. Мәңгілік бо­лашаққа жол салдық. Осының бар­лығы тәуелсіздігіміздің тартуы, азат­тығымыздың асыл қазынасы.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Атажұрттың қазығына байланған соң кіндігім,

Арқандаулы ат секілді шыр айналған тірлігім.

Таң атқаннан күн батқанша өз басымен әуре боп,

Арпалысқан бұл жалғанда ұғып жатыр кімді кім?

Қанатымды шаңға малып тіршіліктің қамы үшін,

Тауық та бір, мен де бірмін теріп жеген тарысын.

Бостандықтың бір тал шашы түсер болса егерде,

Қынабынан суырылар қылшылдаған намысым!

Жеткен жан жоқ қуғанменен мына дүние шетіне,

Пәни менен бақи барда бөлінесің екіге.

Азаттығым, тиер болса суық ызғар бетіңе,

Жүрегімді қалқан етем соққан желдің өтіне!

Несіпбек АЙТҰЛЫ,

ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

АСТАНА.

Соңғы жаңалықтар