• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Қаңтар, 2021

Доллардың ертеңгі бағамы белгілі болды

781 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге қатысты ресми бағамы тағы көтерілді. Ұлттық банк 26 қаңтардағы доллар бағамы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Америкалық валютаның сейсенбідегі ресми бағамы 420,67 теңге болады. 22-25 қаңтарда доллар бағамы 419,69 теңге болған еді.

KASE биржасындағы күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,92 теңгеге артып, 420,67 теңгеге жеткен болатын.

Kurs.kz дерегі бойынша қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа курсы - 420,88 теңге, ал сатып алу - 419,34 теңге.

Нұр-Сұлтан ақша айырбастау пункттері америкалық валютаны орта есеппен 420,90 теңгеден сатып, 419,82 теңгеден сатып алады.