• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қаңтар, 2021

Атырауда шетелдік әйел танысын 50 мың теңгеге бопсалаған

932 рет
көрсетілді

Атырау қаласында бопсалаумен айналысқан шетелдік әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында тұратын 51 жастағы әйел бопсалау туралы арыз түсіпті.  

«Шағымданушының арызында өзге азаматшаның қорқытып 50 000 теңге талап еткені  айтылған. Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматшасы ғаламтор желісіне жәбірленушінің интимдік сипаттағы бейнежазбаларын жүктеймін деп бопсалаған. Күдікті азаматша 19 қаңтарда Атырау қаласының С.Датов көшесінде орналасқан банк филиалындағы терминалдан талап еткен ақшасын есепшотына салдыртқан. Полиция күдіктіні сол жерде  ұстады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.