• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Қаңтар, 2021

Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді

1260 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға елдегі дәрі тапшылығына байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

А. Цойдың мәлімдеуінше, 1 ақпанда вакцинациялау басталады. Бастапқы кезеңде дәрігерлер мен ұстаздар, құрылымдық күш қызметкерлеріне вакцина жасалады. Вакцинация бойынша электронды паспорт енгізіледі.

- 2021 жылдың соңына дейін болжам жасалды. Наурыз айының соңына вирус жұқтырудың шарықтау шегі тіркелуі мүмкін, деді министр.

Сондай-ақ ол позитивтік сценарий бойынша наурыз айының соңында тәулігіне 3 мың науқас тіркелуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 9 мың адам тіркелуі ықимал екенін де атап өтті. 

Мемлекет басшысының дәрі тапшылығы туралы сұрағына қатысты Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмек тапшылығы болмайтынын айтып сендірді.  Министрдің айтуынша бұл мәселе қадағаланып жатыр.