Төлеби ауданының орталығы Ленгір қаласында 80 орындық оқушылар үйі бой көтеретін болады. Заманауи жаңа ғимараттың жобалау жұмыстарына тапсырыс былтыр берілген, деп хабарлайды Egemen.kz
Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру қолдау тауып отыр. Оқушылар үйінде жеңіл атлетика, еркін күрес, қолөнер бағытында «мүсінші», «тігінші» және тілдік бағытта «өнерлі бала» үйірмелері жұмыс істейтін болады.
Аудандар оқушылар үйі бар. Алайда 1937 жылы шахта жұмысшылары үшін жатақхана ретінде салынған ғимарат соғыс жылдарынан кейін қалалық №7 бастауыш мектебіне, 1960 жылдан бастап №5 орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына берілген. Ал 2010 жылдан бері аудандық оқушылар үйі ретінде қолданыста. Онда оқушыларға үйірме жұмысын жүргізуге бөлмелер жеткіліксіз. Сондықтан да заман талабына сай оқушылар үйі бой көтермек.