Бокстан командалық әлем кубогі пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық бокс қауымдастығының (АІВА) баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Olympic.kz.
Алғашында турнир 2020 жылдың қазанында Ресейде өтеді деп жоспарланған болатын.
«Біз әлемдегі коронавирус індетіне қатысты жағдайды тікелей бақылауда ұстап, дәрігерлермен ақылдасып отырмыз. Осы орайда, турнирді 2022 жылға ауыстыру туралы ұсынысты қолдаймын. Бұл біздің боксшылардың денсаулығын сақтау үшін жасалған маңызды қадам», - дейді АІВА президенті Умар Кремлев.
Айта кетелік, турнирдің финалдық кезеңі Мәскеуде өтеді.