• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 26 Қаңтар, 2021

Алғаш рет қазақстандық университет CFA қауымдастығына қосылды

331 рет
көрсетілді

М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті Орталық Азияда алғашқы болып CFA қауымдастығына қосылды және бакалавриат бойынша аталған институттың әріптестік бағдарламасына қатысушы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл Қазақстанның жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға.Білім беру бағдарламасының мазмұнын терең талдай келе, институт сарапшылары KAZGUU-дің «Қаржы» бакалавриаты бағдарламасы CFA Level 1 кәсіби сертификаттау мазмұнын 91%-ға жабатынын атап өтті.

– Қазақстан халқының белгілі бір бөлігінде жинаған ақшасы бар. Бірақ инвестициялаудың құралдары өте аз. Көріп отырғанымыздай, олар жылжымайтын мүлік нарығына белсенді түрде инвестиция салуда. Бұл әрекеттері тұрғын үй бағасының өсуіне алып келуде. Сондықтан нарыққа инвестициялау саласында сауатты жұмыс істей алатын білікті мамандар қажет, дейді KAZGUU Экономика жоғары мектебінің директоры Сәуле Кемелбаева.

Институттың әріптестік бағдарламасы қатысушылары арасында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Аустралия, Гонконг және Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінің беделді университеттері бар.

– CFA қаржы саласындағы ең беделді сертификация болып табылады. Өйткені аталған сертификацияға ие адамдар әлемде, әсіресе Қазақстанда аз. Бұл ұлттық және халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға бірегей мүмкіндік ұсынатын өте күрделі және кең құзыретті сертификаттау компаниясы. Олар біздің үздік студенттерімізге сертификат емтиханын тапсыруы үшін жыл сайын стипендия алу құқығын да беріп отыр, дейді Сәуле Кемелбаева.

CFA Institute – 1963 жылдан бастап жұмыс істейтін инвестиция саласындағы кәсіпқойлардың жаһандық қауымдастығы. Аталған бағдарлама бүкіл әлемдегі қаржы талдаушылары мен консультанттарының және басқа да инвестициялық мамандардың дағдылары, адалдығы мен құзыреттілігінің стандарттарын белгілейді. Бұл инвестициялау саласындағы ең қатаң сертификаттау бағдарламасы екенін е айта кеткен жөн.