Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Темір мост ауылында үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Өкінішке қарай, өртенген үйден үй иесінің денесі табылды.
Бүгін сағат 11:50-де Мұғалжар ауданы Темір мост ауылында тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына аудандық өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 3 адам, 1 техника жіберілді.
«Өрт 14:09-да толығымен сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.Оқиға орнында 1966 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі уақытта өртенген үйдің бөлшектерін талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.