• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қаңтар, 2021

Қырғызстанда экс-премьер ұсталды

214 рет
көрсетілді

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды. Ол заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz

26 қаңтарда Қырғызстанның экс-премьер-министрі жауап алуға шақырылғаны, содан кейін оның күдікке ілінгені туралы хабарлама жіберілгені мәлім. Мұхаммедқалый Әбілғазиев Құмтор кен орнына байланысты істе тергеліп жатыр. 

Деректер бойынша, өткен жылдың соңында қаржы полициясы Әбілғазиевтің елден кетуіне тыйым салған. Ол жауап алуға шақырылды, бірақ қандай іс бойынша екені хабарланбады. Бұған дейін де қаржы полициясы Әбілғазиевке елден шығуға тыйым салған. Ал ондай әрекетке барса, ұсталатыны атап өтілген. 

Мұхаммедқалый Әбілғазиев Қырғызстан премьер-министрі қызметін 2018 жылдың 20 сәуірінен 2020 жылдың 15 маусымына дейін атқарды. Бұған дейін ол ел президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.