• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Қаңтар, 2021

Футболдан ЕУРО-2022 турниріндегі Қазақстан ойыны кейінге шегерілді

219 рет
көрсетілді

ЕУРО-2022 турниріндегі Израиль-Қазақстан ойыны кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Ойын 28 қаңтарда Ришон-ле-Цион қаласында өтуі тиіс еді. Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының 5-тобындағы іріктеу кезеңінің ойыны Израильде 26-31 қаңтар аралығында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстерді жабылуына байланысты кейінге қалдырылды. 

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) екі құрама арасындағы ойынның мерзімін кейін белгілейді.