• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қаңтар, 2021

Өткен жылы 936 мыңнан астам адам АӘК алды

212 рет
көрсетілді

2020 жылдың қорытындысы бойынша 184,7 мың отбасындағы 936,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 75,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Еgemen.kz

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 218,2 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.

Естеріңізге сала кетейік, 119,7 мың отбасындағы 614,3 мыңнан астам қазақстандыққа 2020 жылғы IV тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік инстанцияға жүгінбей-ақ автоматты түрде ұзартылды.

АӘК алушыларға бұдан бұрын, II және III тоқсанда ТЖ режимі мен карантиндік шектеу шараларының қолданылуына байланысты көмек тағайындау ұзартылған.

Сонымен қатар, аталған практика 2021 жылғы I тоқсанда барлық АӘК алушыларға қолданылды. Бұл шаралар халық арасында вирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.