АҚШ Құрлық әскерлері қызметкерлерінің сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды өзгертуге ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Енді АҚШ армиясындағы азаматшаларға шаштарын қысқартып қиюға, сырға тағуға, сондай-ақ ерні мен тырнақтарын бояуға рұқсат беріледі.
Аталған өзгерістер комиссия мүшелерінің қарауында жатыр. Ең қызығы, осы комиссия мүшелерінің басым көпшілігі әйел затынан құралған.
«Біз үшін әрдайым әскеріміздің өмірі бірінші орында тұрады. Сондықтан басқа да қызметкерлердің бұл мәселеге түсіністікпен қарауын, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қолданатынымызды айтамыз. Осыған байланысты әскери дайындықты жоғары деңгейде ұстап, сарбаздарымыздың өмірін жақсарту – күн тәртібіндегі басты алғышарттардың біріне айналды», деді генерал-лейтенант Гэри Брито.
Еске сала кетейік, кеше Ақ үй басшысы Джо Байден әскерде трансгендерлердің қызмет етуіне рұқсат берді.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ