• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қаңтар, 2021

Қазақстанда 40 мыңнан астам автокөлік ұрланған

91 рет
көрсетілді

Соңғы 15 жылда Қазақстанда 40 303 автокөлік ұрланған, деп хабарлайды Egemen.kz  «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

Олардың тек 66-сы ғана өз иелеріне қайтарылды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұрланған темір тұлпарлардың басым бөлігі көршілес елдерге жөнелтілетінін айтты. Ол жерде көліктердің винкодтары өзгертіліп, қайта сатылады.

Сондай-ақ алаяқтар Қазақстан аумағында сол винкодтарды сатып алып, ұрланған техниканы қайта тіркейтін көрінеді.

Мәжіліс төрағасының мәлімдеуінше, мұндай қылмыстарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз жасау мүмкін емес. Осы орайда Нұрлан Нығматулин тәртіп сақшылары арасында азаматтардың жеке ақпаратын таратуға жол бермеуді тапсырды. Ел шекараларында ұрланған көліктерді анықтау жүйесін жетілдіру қажеттілігі де сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша депутаттар ТМД елдері арасында осы мәселені шешу үшін ынтымақтастық орнату туралы заң жобасын қолдады.