«Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы, Игита атымен танымал Леонардо Де Мело Виейра Лейте бесінші рет Futsal Planet нұсқасы бойынша «Әлемнің үздік қақпашысы» атағына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл рекордтық жетістік саналады.
Бүгін, 26 қаңтарда Futsalplanet.com сайтында футзал әлеміндегі жеке марапаттарға дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар есімі жарияланды.
Бұған дейін төрт рет (2015, 2016, 2018 және 2019) әлемнің үздік қақпашы атанған Игита құрметті сыйлықты бесінші рет жеңіп алды.
Дауыс беру нәтижесі:
1. Игита (Қазақстан) — 603 Ұпай;
2. Гуитта (Бразилия) - 561
3. Хесус Эррера (Испания) - 409.