• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2021

Шымкенттің Еңбекші ауданында 100-ден аса ашық спорт алаңшасы салынады

140 рет
көрсетілді

Еңбекші ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 100 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған, деп хабарлайды Еgemen.kz

Еңбекші ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында 100 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарланған. 2020 жылға дейін олардың саны 79 болатын.

Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясов осы бағыттағы және өзге де 2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындар алдында есеп беріп, алдағы жоспарларымен таныстырды.

Аудан әкімдігі тарапынан спорт алаңшасын орнатуға бос жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, жер құқығын пайдалану актісі және сметалық есептер әзірленген. Нәтижесінде өткен жылы 6 ашық спорт алаңшасы орнатылып, бұл көрсеткіш 85-ке жетті.

Одан өзге, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 38 жер учаскесіне спорт алаңшасын құру бойынша қалалық спорт және денешынықтыру басқармасына ұсыныс берілген. Қазіргі таңда басқарма жер телімдерінің құжаттарымен айналысуда екен.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі