• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2021

Ақтөбе облысында дизель отынын ірі көлемде заңсыз сатқан кәсіпкерлер сотталды

160 рет
көрсетілді

ҚР ҚМ ҚМК Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ақтөбе қаласының екі тұрғынының алдын-ала сөз байласу арқылы белгісіз тұлғалардан дизель отынын төмендетілген бағамен құжаттарсыз сатып алып, жалпы көлемі 4 366,892 тонна дизельді 868 391 921 теңге сомасында  әр түрлі ЖШС-ге сатқанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дизель отынының шығуын заңдастыру үшін күдіктілер ЖШС-нің қоймасынан дизель отынын жеткізуге екі ЖШС-мен жалған келісімшарттар жасап, жанармай төлемдерін қолдан жасаған.

Ақтөбе қаласының № 2 сотының үкімімен, аса ірі көлемде, шығу тегі заңдылығын растайтын құжаттарсыз, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, алу, сақтау және сату фактісі бойынша, Ақтөбе қаласының тұрғындары ҚР ҚК 197-бабы 4-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.