• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2021

Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады

243 рет
көрсетілді

Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жаңғыртылады, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарының жобасын әзірледі. Ол мемлекеттің, жеке сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың өздерінің ынтымақты қатысуы есебінен әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер сапасының қажетті деңгейіне қол жеткізу және халықтың мұқтаж топтары үшін олардың қолжетімділігін арттыру үшін құжатта әлемдік үрдістерді ескере отырып, жаңа жағдайларда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытудың негізгі басымдықтары мен тетігі айқындалған.