• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2021

Пойыз енді күнде жүйткиді

179 рет
көрсетілді

Қарағанды мен Жезқазған қалалары арасында қатынайтын жолаушылар пойызына деген жұрттың өкпе-назы көп еді. Неге десеңіз, бар-жоғы алты-ақ вагоны бар пойыз араға күн салып қана жүретін. Мұның өзі Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау, Абай, Жаңаарқа және Шет аудандарына қарасты стансалар мен разъездердің тығыз шаруасы бар тұрғындары үшін үлкен қолайсыздық тудырып келген болатын.

Енді міне, жұрттың өтініш-тілегі ескеріліп, облыс әкімінің шешімімен «Қарағанды – Жезқазған» бағыты бойынша пойыз күн сайын жүретін болды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қаражат та бөлінді.

Мұндай шешім тұрғындар үшін өте маңызды еді. Өйткені бұл қадам халықтың темір жол көлігіне деген сұранысын қанағаттандырып, жоғарыда аталған өңір тұрғындарын жолаушылар қатынасымен тұрақты және сапалы қамтамасыз ету мәсе­ле­сін толық шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, былтыр осы ара­лықта қаты­найт­ын пойыз 100 мың жолаушыны тасыса, биыл бұл меже екі есеге дейін өсуге тиіс деген болжам бар.

«Қарағанды – Жезқазған» бағыты бойынша 28 елді мекенді басып өтетін екінші пойыздың да алты вагоны бар. Оның екеуі купе болса, үшеуі плацкарт және біреуі жалпы вагон. Оның бәрі былтыр Беларусь еліндегі Гомель вагон жөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен екен.

 

Қарағанды облысы