• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Желтоқсан, 2013

Жаңа өндірістік база іске қосылды

430 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қаражанбас кен орнында жаңа өндірістік базаны пайдалануға тапсырды. Нысан 250 автокөлік пен арнаулы техникаға заманауи қызмет көрсетуге арналған. Су жаңа база «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету (ТКжҰҚК)» ЖШС-нің жұмысшыларына қызмет көрсете­­­тін болады. Оның ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев пен ардагер мұнайшылар және базаның жұмысшылары қатысты. «Наурыз айында басталған құрылыс ұлы мереке – Тәуелсіздік күні қарса­ңын­да аяқталып, пайдалануға бері­ліп отыр. Бұл өндірістік база соңғы үлгімен жабдықталған, ма­мандардың барлығы өзге қала­лардан білімдерін жетілдіріп, оқып келді. Толыққанды жұмыс істеуге мұнда жан-жақты жағдай бар. Бұл нысан «Қаражанбасқа» ғана емес, басқа да мұнай компанияларына қызмет көрсететін болады. Болашақта осындай үлкен базаны Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» АҚ жанынан ашу­ды да жоспарлап отырмыз», – дей­ді облыс басшысы Алик Айдар­баев.

Өндірістік база қазіргі заманғы технологияларды пайдалану арқы­лы автокөлік құралдары мен арнаулы техникаларға орта­лық­тандырылған сапалы сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ, жұ­мыс­шылардың еңбек ету жағда­­йын жақсартуға арналған. Оның құрылымына жеңіл, ауыр авто­көліктер және автобустар цехы, бастырма қалқандар, қойма­лар, жанармай сақтайтын қойма, ав­токөлік жанар-жағармай құю стансалары кіреді. Сонымен бірге, мұнда су дайындау және өрт сөндіру жүйе­лерімен де толық қамтылған екен.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өнді­ру» АҚ өндірісті жаңғырту бағ­дар­ламасын іске асыруды жалғас­ты­руда. Мұнда қызмет көрсету дең­гейі еуропалық стандарттарға сай келеді. Осындай жаңалық жұ­мыс­шыларды қуанышқа бөлеп отыр.

– Міне, бүгін көптен күткен база­мыз ашылды, бұл біз үшін үлкен қуаныш. Нысан мұнай өнді­ру саласындағы техникаларға қызмет көрсетеді. Мұнда 160-қа жуық техника бар, 500-ге тарта жұмысшы екі ауысымда қызмет етеді. Барлық техника соңғы үлгі­мен жабдықталған. Ал бұл құрыл­ғылармен жұмыс істейтін жұмысшылар Алматы қаласына барып оқып келді, – дейді технологиялық көлік цехының басшысы Бердіхан Әрешов.

Диагностикалау цехында авто­мобильдердің, олардың агре­­гаттары мен тораптарының тех­ни­калық жағдайына баға­лау жүргізіледі. Тұтастай алғанда, автокөліктің де, оның бөлікте­рі­нің де ақаусыздығы мен жұмыс­қа қабілеттілігін тексеру, ақау­ларды іздеу, жекелеген бө­лік­тер мен жалпы алғанда авто­көліктің қалдық ресурстарын анықтау үшін бастапқы деректер айқындалады. Мұнда жоғарғы қондырғылардың жөндеушісі болып қызмет ететін Сәндіғали Қосыбаев бұл құрылғылармен жұмыс істеу бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жеңіл екенін айтады. Осы салада 32 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Сәндіғали да Алматы қаласынан білімін жетілдіріп келген екен.

– Жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істеп жатырмыз. Ескі мен жаңаның арасында біраз айыр­машылық бар. Бұрын бәрін қолмен жасайтынбыз, қазір құралдардың арқасында жұмыс біраз жеңілдеді, – дейді Сәндіғали Қосыбаев.

Сағындық РЗАХМЕТОВ.

Маңғыстау облысы.

Соңғы жаңалықтар