• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Қаңтар, 2021

Тапсырыс табысқа жетелейді

225 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы шағын қала Саран қазіргі таңда үлкен ндіріс айлағына айналып келеді. Мысалы мұнда былтырғы жылдың соңына таман автобус және арнайы техника шығаратын зауыт ашылып, пайдалануға берілді. Мұның зі аталған қала үшін «зәкірлі жоба» болғалы тұр. Сонымен қатар ол облыс экономикасын әртараптандыруға да мол мүмкіндік береді деген үміт бар.

Жаңа зауыт алдағы сәуір айынан бастап өзінің өндірістік толық қуатына шығады екен. Яғни кәсіпорын жылына Yutong маркалы 1 200 автобус пен 400 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік шығаруды жоспарлап отыр. Кәсіпорын басшысы, «QazTehna» ЖШС директоры Арғұлан Майконов зауыттың қазірдің өзінде тапсырыспен қамтамасыз етілгенін айтады.

– Маңызды жоба жоспардағы кестеге сай жүзеге асырылуда. Қазір екінші цехты қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілу үстінде. Оны осы жылдың сәуір айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонда 600-ге жуық автобус шығарып, өткізу ойда бар. Зауыт осындай көлемді игере алады, – деп атап өтті А.Майконов.

Кәсіпорын күшіне мінген уақытта ондағы жұмысшылар саны 1 мыңның шамасында болады деген болжам бар.

 

Қарағанды облысы,

Саран қаласы