• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қаржы 28 Қаңтар, 2021

Мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы

175 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2020 жылдан бастап шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізілгені белгілі. Алайда Қаржы министрлігі салықтық тексерулер бойынша ерекше жағдайлар тізімін кеңейтуді ұсынып отыр.

Аталған мәселеге қатысты Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов пікір білдірді.

– Салықтық тексерулер үшін қосымша ерекше жағ­дай­ларды енгізу шағын бизнес субъектілеріне түсетін жүк­­теменің біршама артуына алып келеді. Мұндай ұстаным Мем­лекет басшысының тексе­руге мораторий енгізу тура­лы тапсырмасына қайшы. Мора­то­рийде ерекше жағдайлар болмауы керек. Ал ерекше жағ­дайлар енгізілетін болса, бизнес мораторийді де, ба­қы­лаудың босаңдағанын да сезін­бейді, – деді Р.Жүрсінов.

Қаржы министрлігінің мә­ліметінше, 2019 жылмен салыс­тырғанда былтыр кәсіп­кер­лердің 60 пайызы кіріс деңгейін айқын төмендеткен. Бизнес-омбудсменнің бұған қатысты айтар уәжі бар.

– Елдің аумағында төтенше жағдай режімінің жариялануына байланысты 2020 жылғы 16 наурыз – 15 сәуір аралығында іс жүзінде барлық бизнес субъек­тілері қызметін толық тоқ­татты. Соның салдарынан табыс та төмендеді. Осыдан кейін көптеген кәсіпкерлер жұ­мы­сын тоқтатуға мәжбүр бол­ды. Олардың жұмыс уақыты шектелді, келушілер санына шектеу қойылды, сонымен қатар карантиндік шараларды сақтау үшін қосымша шығынға батты. Тіпті кәсіпкерлердің бір бө­­лігі жұмысын әлі күнге бас­тай алмай отыр. Кәсіпкерлік қыз­­­­меттен түсетін кірістің азаюы халықтың сатып алу қа­­­білетінің төмендеуімен де бай­ла­нысты. Осының бәрі кә­сіп­­керлердің табыс деңге­йінің тө­мен­деуіне кері әсер етті. Олар табысын жасырып отыр­ған жоқ, – деді бизнес-омбудсмен.

Р.Жүрсінов Қаржы минис­тр­л­ігіне ескертулер жіберіл­ге­ні­мен, олардың қаперге алын­­ба­ға­нын жеткізді. Енді Президент Әкімшілігіне өтініш жолдамақ ниетте.