Әлемге әйгілі TikTok желісінде пайдаланушылардың жеке деректерін жинауға мүмкіндік беретін олқылықтар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Сарапшылар екінші мәрте зерттей келе, TikTok қауіпсіздігіндегі олқылықтарды тапқаны атап өтілді. Желідегі кілтипан – профиль деректерін, соның ішінде телефон нөмірін, лақап атын және пайдаланушының бірегей идентификаторын ұрлауға мүмкіндік береді. Профиль фотосуреттерін көруге және тіркелу параметрлерін өзгертуге болады.
Мұндағы басты мәселе – желідегі баршаға қолжетімді «достар табу» функциясы. Онда компания қызметкерлері TikTok қорғаудың бірнеше тетіктерін айналып өтіп, пайдаланушылардың жеке деректерін ала алды. Сондай-ақ, хакерлер желі пайдаланушылары туралы алынған ақпаратты қылмыстық мақсатта пайдалануы да ықтимал.