Эпидемиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Алматы қаласында сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабық болады, деп хабарлайды Egemen.kz
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, 1 ақпаннан бастап олардың жұмыс күндері тек 20:00-ге дейін ашық болуына рұқсат етіледі. Еске салайық, Алматыдағы коронавирус бойынша эпидемиялық жағдай соңғы 4 тәулікте күрт нашарлады, шаһарда күніне 125-132 жағдай тіркелді. Кеше қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деп мәлімдеді.