• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2021

Несие «рәсімдеген» алаяқтар жәбірленушіні сазға отырғызды

303 рет
көрсетілді

СҚО тұрғыны интернет-алаяқтардың алдауымен несие ресімдеп, бірден бар қаражатынан айырылған, деп хабарлайды Еgemen.kz

СҚО тұрғыны интернет-алаяқтардың алдауымен несие ресімдеп, бірден бар қаражатынан айырылған. Оның 200 мың теңгесін қолға түсіру үшін алаяқтар әйелді төрт сағат бойы айналдырған.

Өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырған алаяқ «тізілімде ақшалай қаражатты аудару тіркелді» деген. Сонымен қатар ол жәбірленушінің барлық жеке мәліметтерінен хабардар болған, әңгімені сауатты жүргізген: аты-жөнін атап, сыпайы сөйлескен, банк терминдерін қолдана отырып, сенімге әбден кірген. «Маманның» айтуына қарағанда, жәбірленуші алаяқтар рәсімдей бастаған несиені соңына дейін рәсімдеуі тиіс екен, сонда сома нақтыланып, картаға түседі. Әйел барлық нұсқауларды орындап, 200 мың теңгеге несие рәсімдеген, ақшаны шотқа аударған. Бірақ кейін әйел алаяқтардың құрбанына айналғанын түсініп, полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері аталған факті бойынша қасқөйлердің жүрген жерін анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Жалпы жыл басынан 20-дан астам петропавлдық интернет-алаяқтардың құрығына түскен. Онлайн-алаяқтықтың 7 фактісі банк аударымдарымен байланысты болған. Өткен жылы облыс орталығында алаяқтар 97 жағдайда қала тұрғындарының шоттарынан ақша жымқырған.

Полиция егде жастағы адамдарға, таныстарына, туыстарына және көршілеріне жеке мәліметтерін, телефон, әлеуметтік желілер арқылы жіберуге болмайтыны туралы түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бірер күн бұрын Полиция басқармасы мен банк қызметкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде менеджерлер күдікті аударымдар орын алған кезде клиенттерге қоңырау шалынбайтыны туралы ескертті және бұндай жағдайда Call-орталықтың нөміріне хабарласып, банк кеңселеріне баруға шақырады. «Қала және облыс тұрғындарын жеке мәліметтерді, банк карталары, құжаттардың фотоларын, сондай-ақ интернет-банкинг және әлеуметтік желілердің логин мен құпиясөздерін ешкімге жібермеуге шақырады.