• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 40 отбасына көмек көрсетілді

300 рет
көрсетілді

Түркістан облысында қар құрсауында қалған отбасыларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды  Еgemen.kz

 

Кентау-Ащысай автокөлік жолдары өткен апта соңында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты уақытша жабылған болатын. Ауыл тұрғындары қар құрсауында қалып, қатынас қиындады. Осыған байланысты Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және №12 ӨСБ жеке құрамы Ащысай ауылындағы таулы аумақтың тұрғындарына көмек қолын созған. Қолайсыз ауа-райы кезінде жол талғамайтын «КамАз» жүк көлігімен Ащысай ауылындағы 40 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Автокөлік иелерінің назарына, ұзақ жолға шықпауларын қатаң ескерту» тақырыбында - «Facebook», «Instagram», «Twitter», «WhatsApp»  интернет желілеріне бейнетүсірілім арқылы дауылды ескерту жөнінде хабарландырулар жарияланған. Алайда оған қарамастан алыс жолға шыққан тұрғындар қар құрсауында қалып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Кентау қаласындағы №12 ӨСБ байланыс бекетіне жолда қалып қойған автокөлік иелерінен көмек сұраған қоңыраулар көбейген. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №12 ӨСБ жеке құрамымен жедел құтқару жұмыстары жүргізілді.