• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қаңтар, 2021

Қазақстандықтар 2020 жылы не нәрсені көп сатып алды?

192 рет
көрсетілді

Коронавирус «билік құрған» 2020 жылы ел тұрғындары бөлшек сауда нүктелерінде 11,6 трлн теңгеге сауда жасаған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға жоғары көрсеткіш. Шынайы мәндегі бөлшек сауда көлемінде 4,1 пайызға құлдырау байқалған, деп хабарлайды Еgemen.kz

Бөлшек сауданың 60 пайызы сауда жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі. Аталған орындарда 6,9 трлн теңге жұмсалған. Бір жыл ішінде 4,9 пайызға өсім болған. Бұл туралы finprom.kz хабарлап отыр.

Жеке кәсіпкерлермен жасалған, оның ішінде базарларда жасалған сауданың үлесі 4,7 трлн теңгені құрайды. Яғни, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 0,7 пайызға аз. Осы сегменттің саудадағы үлесі жыл сайын қысқара келе, былтыр 40,2 пайызды құраған. Өңірлік бөлініс бойынша 17 аймақтың тек алтауында ғана шынайы сауда өсімі байқалған.

Бөлшек сауда көрсеткіші бойынша бірінші орында Алматы қаласы (3,4 трлн теңге) болса, екінші орында Нұр-Сұлтан (1,3 трлн теңге), ал үздік үштікті 1 трлн теңгеге сауда жасаған Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды облысы түйіндейді. Өзге өңірлерде сауда көлемі 170,5 млрд пен 708,3 млрд теңге аралығында.

Бөлшек сауда құрылымында ең көп саудаланған өнім – азық-түліктік емес тауарлар екен. Олардың көлемі 7,1 трлн теңгеге жеткен. Дегенмен осының өзі 2019 жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға төмен. Керісінше, азық-түлік тауарларының үлесі бір жыл ішінде 17,9 пайызға артып, 4,4 трлн теңгені құраған. 2020 жылы әсіресе, сәуір айында бөлшек сауда деңгейі біраз құлдырап кеткен. Мұндай төмен көрсеткіш қатаң локдаунға байланысты бірқатар сауда орындарының жұмыс істемеуімен тікелей байланысты.