• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2021

Шымкентте мәдениет және өнер ұжымдарының кәсіби тыңдалымы өтті

658 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында бүгін «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымында шығармашылық қызметкерлердің, оның ішінде эстрада, дәстүрлі әртіс ұжымдары мен би және оркестр ұжымының кәсіби тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен жүзеге асырылған бұл іс-шара қаланың мәдени тынысын арттыруға бағытталып отыр.

Елімізге белгілі өнер жұлдыздары, кәсіби өнер майталмандары шымкенттік әртістердің өнерлеріне баға береді. Төрелік етушілер қатарында ҚР харық әртісі, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, опера және эстрада әншісі Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, хореограф, «Astana Ballet» ұжымының көркемдік жетекшісі Алила Алишева бар.

Тыңдалым соңынан «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының м.а С.Майғазиев пен аталған өнер жұлдыздары бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді. Брифинг барысында қалалық мәдениет үйінің осы жылға жоспарлары туралы әңгіме қозғалды. Жаңа жобалар мен бағдарламалар жайы таныстырылды.

Төрешілер қаланың өнерпаздарына жоғары бағаларын беріп, алдағы уақытта да жас таланттардың, мәдениет қызметкерлерінің шығармашылықтарын, біліктіліктерін арттыруда бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.