• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қаңтар, 2021

Өскеменде 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты

351 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында 18 жастағы жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, 2 көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Еgemen.kz

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда сағат 19.00 шамасында Жібек маталар комбинаты ықшамауданында болған.

«Сәтбаев даңғылы бойымен келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетті. Осылайша ол Toyota Camry маркалы екі көлікпен соқтығысқан», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апаты салдарынан 2 адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.