• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 29 Қаңтар, 2021

Экологиялық білімсіз табиғатты сақтау қиын

427 рет
көрсетілді

Пандемия басталғалы бері еліміздің табиғатына түскен жүктеме бірнеше есеге артты. Өкінішке қарай, ішкі туризмнің әлеуеті көтерілгенімен, адамдардың қоршаған ортаны қорғау мәдениеті ақсап тұр. Бұл – мән беруге тұрарлықтай мәселе.

Адамдар бағымызға бұйырған жерімізге қаншалықты жауапты екенімізді әлі де түсінбей келеді. Алысқа бармай-ақ, былтыр елорданың шетінде Көбейтұз көліне қатысты мәселені мысалға келтірсек жеткілікті. Бұл орайда қоғамның экологиялық білімін терең­дету үшін жаппай танымдық іс-шараларды ұйым­дастыруды жолға қойған артық болмас деп ойлаймын. Тұтастай бұл бағыттағы ағар­тушылық жұмысты білім ордаларынан бастап, жекелеген компанияларда жүргізгені абзал. Әлбетте, тәрбие тал бесіктен басталады. Сондықтан табиғатымызды аялауды, әсі­ресе, жастардың бойына жастайынан сіңір­ген дұрыс. Өйткені «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтылмаса керек. Бұл ретте экологтер болсын, қоғам белсенділері, тұтастай айналамызда болып жатқан құбылыстарға бейжай қарамайтын азаматтар Жер планетасы біздің ортақ үйіміз екенін жан-жағындағы адамдарға түсіндіруі тиіс. Түсінемін, бұл ұран ретінде естілуі мүм­кін. Алайда бұл мәселеге мән беріп, дұрыстап назар аударылса екен деймін. Әлі есімде, мек­тепте оқығанда «Жас натуралистер» үйірме­сі болатын. Онда мұғалімдеріміз балаларды ар­найы мекемелерге апарып, кез келген өсім­дік­терді қалай күтіп, өсіру керектігі жайлы са­бақтар жүргізетін. Осылайша, жас бала­ның түсінігінде қоршаған ортаға қатысты көз­қарасы қалыптасып, жастайынан әлеуметтік жауап­кершілігі қалыптасады.

 

Әсел ИСАНОВА,

«Тамыр» жабайы табиғаттағы мектебінің негізін қалаушы, экологиялық белсенді