Қазірге Алматыдағы эпидемиялық ахуал көңіл көншітпейді. Алайда қала билігі мен ақ желеңді жандар тарапынан жасалынып жатқан орасан жұмыстарды жоққа шығара алмаймыз. Иә, Алматы «қызыл аймаққа» енді. COVID-19 статистикасы алаңдатары сөзсіз. Індетке шалдыққандар саны күн сайын 130 адамнан төмен түспей тұр.
Алматыда пандемия басталғалы бері 21 547 КВИ жағдайы тіркелсе, тек сәрсенбі күні індетке шалдыққандарға 139 науқас қосылды. Аурудан сауыққандар саны қазіргі уақытта – 19 487 адам, бұл жұқтырған барлық жағдайлардың 91%-ын құрайды.
Дегенмен, коронавируспен күресуге бағытталған әрекеттер ауру өршіп тұрғанына қарамастан, өз нәтижесін беріп отыр. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі тұрақты, бүгінде 724 төсектік орын бос емес, бұл ретте оның 61%-ы бос және 5 145 төсектік орын резервте тұр. Қазіргі уақытта тәулігіне орта есеппен 50-90 пациент емдеуге жатқызылады. Жансақтау бөлімшелері 50% бос емес. Бастапқыда реанимациялық төсектік орындар саны 80 болса, төсектік орындар санын 120-ға дейін ұлғайтуға тура келді.
КВИ жұқтырғандардың арасында қатар жүретін аурулары бар науқастар саны айтарлықтай өскенін айта кеткен жөн. Сондықтан қала тұрғындарына үйден сирек шығу, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, өзін-өзі емдеумен айналыспау, білікті медициналық көмекке жүгіну тынбай ескертіліп отыр.
Сонымен қатар медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында COVID-19-бен күресу үшін үйде емделіп жатқан пациенттерге мониторинг жүргізетін мобильді бригадалар құрылды. Бүгінгі таңда үйде медициналық бақылауда 797 адам тұр.
Былтыр қыркүйекте COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді емдеу бойынша МСАК ұйымдарын қолдау мақсатында қауіпті топтардағы карантиндік пациенттерді қашықтықтан бақылау және консультациялар жүргізу үшін Телемедицина орталығы құрылған болатын. Қарашадан бастап бүгінге дейін орталық мамандары12 мыңнан астам кіріс қоңырауын қабылдап, 51 мыңнан астам шығыс қоңырауы жасалды.
Әрине, жұрттың барлығын 1 ақпаннан бастап жүргізілетін вакциналау мәселесі толғандырады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Спутник-V вакцинасының түсуін күтіп отыр. Қаңтар айының соңында Алматыға вакцинаның 1 450 дозасы (290 құты) келіп түседі. Вакциналау жүргізілетін емханаларда сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтар мен қоймадан вакциналау кабинетіне дейін тасымалдауға арналған тоңазыту элементтері бар контейнерлер сатып алынды. Ақпан айына 6 мың доза және шілде айына дейін 150 мың доза алу жоспарланып отыр.
Еріктілерге салынған қазақстандық вакцина клиникалық сынақтардың соңғы сатысынан өтуде және мақұлданған жағдайда халықты иммундау үшін де келіп түседі.
АЛМАТЫ