• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қаңтар, 2021

Шығыста блокбекеттер қайта қойылды

116 рет
көрсетілді

Облыстың бас санитар дәрігері өңірдегі шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, облыста санитарлық блокбекеттер қайта орнатылды.

Оның екеуі Павлодар облысы тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында орнатылды. Мемлекеттік шекара арқылы өтетін 4 санитарлық бекет - "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттеріне (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары - 1 бекеттен) қойылды.

Жұқпалы ауруы бар немесе ауыруы мүмкін адамдар, оның ішінде COVID-19 (тыныс алуда қиындық (жөтел, дене қызуы, ентігу) анықталған жағдайда 103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет делінген қаулыда.