Қазақы қаймағы бұзылмаған Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында естіген жанның жағасын ұстатар оқыс оқиға болды. Осы ауылда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұнда төрт баласы бар әйел жаңа туған нәрестесін үйінен 100 метр жердегі қоқыс жәшігіне тастап кеткені анықталып отыр. Қазір осы дерекке байланысты сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалды.