• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Қаңтар, 2021

Конькимен жүгіру бойынша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама иеленді

379 рет
көрсетілді

Бұл күндері Херенвенде (Нидерланд) әлем кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz olympic.kz сайтын сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы командалық сында норматив орындап, әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Кешегі жарыс қорытындысы бойынша  Қазақстан 3:46.749 нәтижесімен жетінші орыннан көрінді. Айта кетерлігі, жарыстың бірінші күнінде ерлер арасындағы командалық сынға Александр Кленко, Дмитрий Гаврилов және Виталий Щиголев қатысты.