Қазақстанда коронавируспен ауырған 265 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«30 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 403 адам короновирус инфекциясынан (15 787 КВИ+ және 11 616 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 430 пациент стационарда, 20 973 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:265 адамның жағдайы ауыр;61 пациенттің жағдайы өте ауыр;43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.