Елордада Қорғалжын тасжолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі Е355 көшесінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Бұл учаскенің ашылуы "Кристалл", "Нұрлы ұя", "Ерке", "Аркада", "Сенім", "Copengagen" және басқа да тұрғын үй кешендеріндегі елордалықтардың қоғамдық көлікпен қатынауына оң әсер етпек.
Бұдан басқа, Нұр-Сұлтанның қолданыстағы көше-жол желісі де жеңілдейді. Жаңа жол жүру жалпы елорданың жол желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.