• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қаңтар, 2021

«Қара бүркіттің» бұрынғы бастығы 8,5 жылға сотталды

124 рет
көрсетілді

Өмір бойы бас бостандығынан айырылған қылмыскерлер жазасын өтейтін Жітіқарадағы 161/3 қылмыстық колониясының бұрынғы бастығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2019 жылдың желтоқсан айында колония бастығы болып тағайындалған А.Әбілов 2020 жылдың 26 тамызында мекеме қызметкері Жико арқылы 1 млн теңге пара алғаны үшін қамауға алынған болатын.  Кейін «Қара бүркіт»  бастығының қызметтік кабинетінде заңсыз оқдәрі сақтағаны анықталды.

 ​29 қаңтар күні Жітіқара аудандық сотының үкімімен колонияның бұрынғы басшысы бопсалау жолымен пара алғаны үшін және заңсыз қару-жарақ сақтағаны үшін 8 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот А.Әбіловті әділет подполковнигі шенінен және мемлекеттік қызмет саласында лауазымды міндет атқару  құқынан өмір бойы айырды. Үкім заңды күшіне енді.  

Қостанай облысы