• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Президент 30 Қаңтар, 2021

Президент журналист Михаил Дорофеевтің жақындарына көңіл айтты

105 рет
көрсетілді

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналист Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты" деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің Баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"Белгілі журналист, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі  Михаил Дорофеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтамын. Біз Михаил Дорофеевті отандық ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға, талантты медиаменеджер ретінде таныдық. Оның белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік қасиеті жоғары бағаланатын.

Михаил Дорофеевтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", – делінген көңіл айту жеделхатында.