Отан алдында әскери ант қабылдаған 5518 әскери бөлімінің жас сарбаздары енді Өскеменнің көшелерінде қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті күзетеді.
Алғаш жауынгерлік қызметке аттануға сапқа тізілген жас сақшыларды 5518 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары, штаб бастығы майор Нұржігіт Молдақұлов құттықтап, сәттілік тіледі. Салтанатты шарада 2-2020 шақырылым атынан қатардағы Александр Асмаловский әскери дайындық барысында тәжірибелерімен бөлісіп, жауынгерлік қызметтің қыр-сырын үйреткен өз командирлеріне алғысын білдірді.
– Бізге бір ай көлемінде теориялық білім беріп қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікті күзету бойынша жауынгерлік қызметтің қыр сырын үйретті және қажетті практикалық тәжірибеден де өттік, – деді жас сарбаз.