Кезінде елдің астанасы болған Ақмешітте тарихи орындар көп. Соның бірі – іргесі ХІХ ғасырда қаланып, әуелі қыздар приход училищесі, кейіннен Перовск училищесі, 1925-1929 жылдары баспахана орналасқан ғимарат.
Қазір «Аль-Асад» сауда үйі қоныстанған тарихи нысан 1878 жылы инженер, генерал Брюноның жобасы бойынша салыныпты.
Салынғанына екі жарым ғасырға жуықтаған ғимаратта 1925-1929 жылдары «Еңбекші қазақ» пен «Советская степь», басқа да газет-журналдар басылып, еліміздің әр түкпіріне тарап тұрған. Ел байтағы Сырдан Алатау баурайына көшкен кезеңнен бастап 1973 жылға дейін облыстық кітапхана, тігін-тоқыма фабрикасы орналасыпты.
Ғимарат көне сәулет өнерінің үлгісі жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Айтпақшы, 1899-1902 жылдары аралығында осы нысанда орын тепкен Перовск училищесінде Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай да білім алған. Осыған байланысты төрт жыл бұрын ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды.
Қызылорда