• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Ақпан, 2021

Күршім ауданының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді

196 рет
көрсетілді

Полицейлер 25 келі марихуана сақтаған Күршім ауданының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

14 қаңтарда криминалдық полиция қызметкерлері Күршім ауданының шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жедел тінту барысында құрамында спецификалық иісі бар өсімдік тектес үш қап, сондай-ақ есірткі заттарын қолдануға арналған қолдан жасалған құралдар тәркіленді.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қожалықтың 28 жастағы жұмысшысы 2020 жылдың жазында бұл затты маңайдан теріп алғаны анықталды. Оны өзі пайдалану үшін сақтадым деп түсіндірді. Сот-химиялық сараптама нәтижелеріне сәйкес, қаптардағы сақталған зат – марихуана, салмағы 24 866 гр, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.