• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Ақпан, 2021

Вакцинациядан кейін қандай симптомдар болуы мүмкін?

1833 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қалалы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қандай әсерлер болуы мүмкіндігін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Қандай вакцина салдырсақ та, дәрі ектірсек те оның адам ағзасына әртүрлі әсері болуы мүмкін. Яғни, екпе жасатқан жер ауырсынып қызарады. Бұған қоса, жалпы ағзаның реакциясы болып, кей адамда дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болуы мүмкін. Мұның барлығы адам ағзасына байланысты», деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Тимур Мұратовтың айтуынша, вакцинация жасатқан адамның қолына жадынама беріледі. Онда екпе салдырғаннан кейін барлық көрсетілімдер толықтай жазылған.

«Вакцинациядан кейін 3 күн бойы ішімдік ішуге, темекі шешуге болмайды. Моншаға түсуге және суық тигізуге болмайтындығын да науқастарға түсіндіреміз. Өзім бүгін таңертеңгі сағат 10:00-де вакцина салдырдым. Қазір жағдайым жақсы, маған да түсіндірді. Сонымен қатар бұл процесс цирфландырылған. Кейін сізге СМС хабарлама келеді. Онда өзімді қалай ұстауым керектігі және 21 ақпанда екінші компонентті алуға келуім тиістігі ескертілген», Тимур Мұратов.